Қазақстанда кәсіпорын басшылары 14 мың жұмысшыға 3 миллиард теңге қарыз болып қалған
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жалақысын ала алмай жүрген жұмысшылардың құқығы қалай қорғалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

1 тамыздағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 568 кәсіпорнында 14,2 мың жұмысшы алдында 3 млрд 223,9 млн теңгеден астам жалақы бойынша берешекті анықтады.
Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 505 нұсқама беріліп, 85,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды.
"Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 11,9 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 2 млрд 850 млн теңге төленді", - деді еңбек министрлігі.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр