Көз жұмған кәсіпкер жұмысшыларының жалақысын төлемеген: Полиция кәсіпкердің өліміне қатысты кей деректермен бөлісті
Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті кәсіпкердің өліміне қатысты кей деректермен бөлісті. Мәліметке сәйкес, күдіктілер тұрмыстық мәселеге байланысты осындай қылмысқа баруы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Уральская неделя” басылымына сілтеме жасап.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес, күдіктілер марқұмның қол астында жұмыс істеген. Ал кәсіпкер өз қызметкерлеріне жалақы төлемей, көпшілігіне қарыз болған. Сондықтан кісі өліміне тұрмыстық мәселе себеп болуы мүмкін.
Еске салайық, 6 тамызда Оралда танымал кәсіпкер өлі күйінде табылған еді. 49 жастағы ер адамның мәйіті қалалық саябақ тұрағынан табылған. Кейін қылмысқа қатысы бар күдіктілердің кім екені белгілі болды.
1991 жылы туған Қожантаев Руслан Фархатұлы мен 2001 жылы туған Амангелді Тұрлан Сырлыбайұлына іздеу жарияланған. Бүгінгі таңда оларды іздеу жұмыстарына Ұлттық ұлан әскерилері жұмылдырылды.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”