Петропавлда ер адам түнде жалаңаш субұрқаққа түскен: Ол 15 тәулікке қамалды

Петропавлда түнде жалаңаш субұрқаққа түскен ер адам 15 тәулікке қамалды. Ол не үшін түскенін есіне түсіре алмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 2 шілдеге қараған түні сағат 00:30 шамасында болған. Мас күйдегі ер адам қаланың басты алаңындағы субұрқақта жалаңаш күйде жуынып жүрген. Оның әрекеті әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын тудырды.
Құқық бұзушының әрекеті полицияның назарынан тыс қалмай, оның жеке басы анықталды. Ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ОқыңызӨз сөзінде ол достарымен сыра ішкенін, ал не себепті субұрқақта жуынуды шешкенін есіне түсіре алмайтынын айтқан.
Сот шешімімен ер адам 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
"Болашақ ойындары – 2026": Ауқымды сайыста Қазақстан намысын кімдер қорғайды
Сайыстың басталуына да санаулы күн қалды, ал ел намысын 5 команда қорғамақ
Қазақстандықтар туған күніне орай банктер, дүкендер мен брендтерден қандай сыйлықтар алады
Бүгінде нарықтағы бірқатар компаниялар туған күніне орай нақты бонустар есептейді