Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қант тапшылығы жоқ– Ауыл шаруашылығы министрлігі

Ауыл шаруашылығы министрлігі қанттың жеткілікті екенін айтып, тек тұрақтандыру қорынан сұраныстың жоғары екендігін жеткізді. Ал шектеулі мөлшерде сатылуына алыпсатарлардың себеп болғанын қоса кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.

қант

Министрлік алыпсатарлардан сақтану үшін қанттың қарапайым тұрғындарға шектеулі мөлшерде саудаланып жатқанын түсіндірді. Сонымен қатар, нарықтық бағамен қант барлық сауда орындарында еркін, қолжетімді екенін айтты.

Ведомство отандық қант зауыттарында тәтті құм өндірісі үздіксіз жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Маусым айында олар 38 мың тонна өнім өндірген. Облыс әкімдіктерінің мәліметінше, республикадағы қант қоры 26 мың тоннадан асады.



“Азық-түлік корпорациясы ішкі нарыққа қант жеткізуді жүзеге асырады. Өңірлерге қант жеткізуді жедел ұйымдастыру мақсатында министрлік мүдделі тараптармен бірлесіп Қазақстан аумағы бойынша темір жол көлігімен ақ қанттың, шикі құрақ қантының жүктерін кедергісіз өткізуді жүзеге асырады”, –  деді министрліктің баспасөз хатшысы Дамир Егізбев.  

Талқылау