Жаңаөзен тұрғындары дүкендегі қант сатып алу үшін қойылған талаптарға наразылық білдірді
Жаңаөзен дүкендерінің бірінде түсірілген бейнежазба желіде талқыға түсті. Сатып алушылардың айтуынша, дүкендер қант сатып алу үшін қосымша 2 кг жарма немесе макарон сатып алуды талап еткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Inaktau.kz” порталына сілтеме жасап.

Сатып алушылардың наразылығына Жаңаөзен әкімдігі жауап берді. Қала әкімшілігі кәсіпкермен өнімді сатудың мұндай шарттарына жол бермеу туралы түсіндірме әңгіме жүргізгенін хабарлады. Алайда, супермаркетті тексеру үшін сатып алушылардан жазбаша өтініш қажет екенін жеткізді.
"Жоғарыда аталған бейнежазба Жаңаөзендегі "Дана" супермаркетінде түсірілген. Болған оқиғадан кейін супермаркет иесімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тексеру үшін өтініш түскен жағдайда ҚР бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне жіберіледі", – делінген хабарламада.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"
"Терапевтке жазыла алмаймыз, УДЗ-ға үш ай кезек күтеміз": Қазақстандықтар МӘМС жүйесіндегі мәселелерді көтерді
Сания: "Ал ақылы түрде десең шұғыл-ақ қабылдайды"