Қазақстанда қант бағасы арзандады
Қазақстанда қант бағасы арзандады. Ұлттық статистика бюросының деректері солай дейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,1%-ға, ай басынан бері 0,4%, жыл басынан 19,4%-ға өскен.
Өткен апта ішінде құмшекердің бағасы 2,8% арзандаған. Сондай-ақ пияздың бағасы 3,1%, картоптың бағасы 1,1% төмендеген.
Күріш бір аптаның ішінде 1,5% қымбаттаған. Сонымен қоса бірінші санаттағы жұмыртқаның бағасы да 1,5%-ға, күнбағыс майы 1,4%-ға өскен.
"Жылдық көрсеткіште әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 19,6%-ға қымбаттады", - делінген статистика бюросы ұсынған ақпаратта.
"Бір сағат сөйлесіп, 30 мың теңгемді алды": Алматы тұрғыны сауда орталығындағы әйелден сақ болуға шақырды
Автор: "Тектік түйін", қызыл іш киім туралы айтты"
240 мың теңгелік ноутбукты 440 мыңға сатқан: Техника дүкендері қосымша бағдарламаларды орнатуды талап ете ала ма
Маман ақшаны сот арқылы нақты дәлелдер келтіріп өндіруге болатынын айтты