Қазақстанда қанша блогер бар және олар салықты қалай төлейді – Қаржы министрі жауап берді
Премьер-министрдің орынбасары, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстанда қанша блогер барын және олардың салықты қалай төлейтінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оның айтуынша, Қазақстанда 400-ден астам блогер бар.
"400-ден астам блогер тіркелген. 2023 жылы олар 200 миллион теңгеден астам салық төлеген. Егер олардың қызметі бизнеске қатысты болса, әрине, салық төлеуі керек. Бұл үшін арнайы салық режимі бар. Жүктеме 1 пайыздан 4 пайызға дейін", – деді Жамаубаев.
Министр блогерлердің жұмысы монетизацияланбаса және кәсіпкерлікпен ешқандай байланысы болмаса, олар салық төлемейтінін жеткізді.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі