Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда есірткі жарнамасы бар 8 баннер анықталды

Қазақстанның қалаларында есірткінің жасырын жарнамасы бар сегіз баннер анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда есірткі жарнамасы бар 8 баннер анықталды

Ведомствоның хабарлауынша, 19 қарашада әлеуметтік желілерде есірткіні тарату сайтына жіберетін баннерлер туралы ақпарат пайда болды. Осыдан кейін полиция тексеру жүргізді, нәтижесінде сегіз баннер анықталып, бөлшектелді. Олардың жарнамалық компанияның тапсырысымен орнатылғаны атап өтілді.

«Баннер жарнамаларын тапсырыс беруге және орналастырумен айналысатын адамдар анықталды, оларды ұстау және жауапкершілікке тарту шаралары қабылдануда. ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес департаменті жарнама бизнесінің қатысушыларына және полиграфиялық қызметтер компанияларына есірткіге қарсы заңнаманың сақталуы үшін тапсырыстар мен өнімдерді міндетті түрде тексеру қажеттілігі туралы ескертеді», - деп атап өтті ішкі істер министрлігінде.

Ақпараттық-коммуникациялық жүйелердің дамуымен есірткіні Интернет-ресурстар арқылы сату және жылжыту кеңейе түскені атап өтілді. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері арнайы топтар есірткі тарататын бес мыңнан астам сайтты анықтап бұғаттаған. Заңнаманы бұзған жағдайда, есірткі заттарын анық және жасырын жарнамалау фактілерін анықтаған қазақстандықтардан WhatsApp арқылы хабарлауды сұрайды.

Нөмірлер ІІМ порталында және облыстық полиция басқармаларының ішкі порталдарында жарияланған.

Айта кетейік, мегаполистің қақ ортасында есірткі туралы жарнамасы бар баннерлер ілінген еді. Алматы әкімдігі қала орталығында есірткіні жарнамалайтын баннерлерге түсінік берді.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Баландин АҚШ-тағы олимпиададан алтын алды

Ал екінші және үшінші орын АҚШ спортшыларына бұйырды

Бауыржан Есебаев: Маған әнім үшін төсек қатынасын ұсынған қыздар көп болды

Алайда сазгер бұл ұсыныстардың бәрінен бас тартқанын айтады

Көлік 16 метрге дейін сүйреді: Мүгедек болып қалған әйел кінәлі жүргізушінің тайраңдап жүргенін айтты

Ер адам ақшаны еміңізге берейін деп көлікті тұрақтан шығартып, кейін ғайып болған

АҚШ-тағы сұлулық байқауында жеңген ару: Қазақтың "ұят болады" деген сөзі дамуыма кедергі келтірді

Ақерке Ысқақ бала күнінен шетелде тұруды армандағанын айтады

"Төбеме жай түскендей болды": Димаш бақилық болған тыңдарманының жақындарына көңіл айтты

Әнші Лейсан есімді арудың арманын орындаған еді

ҰҚҚ "Олимп" арқылы онлайн бәс тігу тоқтатылатынын хабарлады

Қазір "Олимптің" басқа да экономикалық қылмысқа қатыстылығы тексеріліп жатыр

Тараздағы оқушы қыздың зорлануы: Облыс әкімі оқиғаға байланысты жауапкершілікті сезінетіндігі жайлы жауап берді

Бұған қоса ол аймақтағы дәретханалардың құрылысы жайлы айтты

11 сынып оқушысы өзіне қол жұмсаған соң мектеп директоры мен білім бөлімінің басшысы жұмыстарынан кетті

Бұл мектепте көктемде осыған ұқсас жағдай орын алған

Алматы облысында қалтасына бір миллион теңге басқан шенді ұсталды

Оның қалтасынан бес, он және жиырма мыңдық қағаз ақшалар табылған

Риддер қаласы суға кете жаздады

Жергілікті ірі су құбырында жарылыс болған
Çàãðóçêà...