Қазақстанда енді ата-аналар балабақшаны өздері таңдай алады
Елімізде ата-аналар баласы баратын балабақшаны өздері таңдай алады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.

Білім және ғылым министрі мектепке дейінгі білім беру жүйесін өзгеріс күтіп тұрғанын айтады. Жаңа модель енгізіліп, енді балабақшаны ата-аналар өздері таңдай алады. Балабақшада білім берудің мазмұны мен әдіс-тәсілдері де қайта қаралады. Ерте жастан тіл үйрету бастамалары өзгереді. Бағдарламаның құрылымы балалардың жасы, психологиялық ерекшелігіне сәйкес жаңарады. Ата-аналар қалаған балабақшасын таңдап, мемлекеттік тапсырыс негізінде бара алады.
Айта кетейік, қазіргі таңда елімізде карантин жеңілдетілгеннен кейін балабақшалар қайта ашылған болатын. Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысына орай мектепке дейінгі білім беру орындарында 15 балаға дейін кезекші сыныптар жұмысына рұқсат берілген.
Су жаңа Құрылтай қалай жұмыс істейді және заң қалай қабылданады
Сарапшының пікірінше, бір палаталы жүйе заң қабылдауды жеделдетуі мүмкін
"4 миллион теңге айыппұл төледім": 2026 жылы Қазақстанда білім грантын өтеу үшін нені білу керек
Университетті енді тәмамдаған түлектер грант өтеуі туралы нені білуі керек?