Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда электромобильдерді баж салығынсыз кіргізу мерзімі ұзарды

Қазақстан электромобильдерді баж салығынсыз кіргізу мерзімін 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Электромобильдерді кедендік баж салығынан босату түріндегі тарифтік жеңілдікті 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту туралы шешім қабылданды. 

Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы №134 шешімімен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына кіретін электромобильдерді кедендік баж салығынан босату түріндегі тарифтік жеңілдік мерзімі ұзартылды. 

"Электр қозғалтқышы бар көлікті Қазақстан аумағына әкелу кезінде жылына бір рет кедендік баж салығын төлеуден босатылады", делінген Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мәлімдемесінде. 

Кедендік баж салығын төлеуден Беларусь, Армения, Қазақстан мен Қырғыз Республикасында тұратын азаматтар ғана босатылады. Сондай-ақ электромобильдерді Ресей Федерациясының азаматтығы бар және (немесе) тұрақты тұрып жүрген азаматтардың иелігіне беру, пайдалану немесе оларға билік ету құқығын беруге рұқсат етілмейді. 

Бұған дейін мәжілістің жалпы отырысында депутаттар электромобильдер инфрақұрылымын дамытуға арналған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған еді. 

Заң жобасы мынадай негізгі нормаларды қарастырады:

  • "электромобиль" және "электрозарядты станция" ұғымын енгізу;
  • коммуналдық ақылы автотұрақтарда (автопарковкаларда, паркингтерде) электромобиль көлігінің иелері үшін тегін тұрақ орнын пайдалану;
  • тұрғын аймақтардағы электрозарядты станцияларды жобалау, орнату және техникалық пайдалану ережелерін әзірлеу және бекіту бойынша мемлекеттік органдардың өкілеттігін анықтау;
  • жергілікті атқарушы органдардың өкілеттігі электрозарядты станцияларды орналастыру туралы шешімдерді қабылдау және такси тұрағын, әуежайларда, вокзалдарда, 1 және 2 санатты стационарлық сауда және мәдени ойын-сауық нысандарын, мәдени-демалыс парктері мен алаңдарын, даңғылдарды, көшелерді, кварталдарды электрозарядты станциялармен жабдықтау және ұйымдастыруды қамтамасыз ету.
Талқылау