Қазақстанда доллар құны 471 теңгеден асты
28 маусымда Қазақстан теңге құнсызданып, доллар бағамы тағы 6 теңгеге жуық өсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото pixabay
KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 471,46 теңгеге жетіп, 5,82 теңгеге қымбаттаған.
Ал Ұлттық банктің 28 маусымдағы ресми бағамына сәйкес доллар бағамы 465,52 теңге көлемінде.
Кurs.kz. мәліметтеріне сүйенсек қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды 469,93 теңгеге саудалап жатыр. Ал долларды 472,96 теңгеге сатып алуға болады. Астанада айырбастаушылар америкалық валютаны орта есеппен 467,98 теңгеден сатып алып, 473,02 теңгеден сатады.
27 маусымда KASE-дегі күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 465,52 теңге, осылайша 1,69 теңгеге өскен.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады