AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда демалыс күндері карантин енгізіледі

Эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түсуіне және Қазақстанның бірнеше өңірлерінде коронавирустық инфекциялардың таралу деңгейінің жоғарылауына байланысты демалыс күндері ағымдағы жылдың 20-21 маусымы аралығында қосымша шектеу шараларын қабылдауға шешім қабылданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы үкімет басшысы Асқар Мамин өзінің баяндамасында айтып берді. Тұрғын саны көп қалалар мен елді мекендерде бірқатар шектеулер енгізілетін болды.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларында:

  • сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, желілік дүкендердің, жабық азық-түлік және басқа да  базарлардың қызметі тоқтатылады;
  • қоғамдық тамақтану орындары тек далада әрі әлеуметтік арақашықтықты сақтап қана жұмыс істеуі тиіс;
  • қоғамдық көліктердің қызметі шектеледі;
  • қоғамдық демалыс орындары: парктер, саябақтар, жағалаулар, жағажайлар, аквапарктер қызметі тоқтатылады;
  • фитнес орталықтардың қызметі тоқтатылды;
  • 65 жастан асқан адамдардың далаға шығуы шектелсін.


Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларына аумақтық жақын орналасқан туристік аймақтарға кіруге тыйым салу ал аталған аймақтардағы адамдарға – әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет.

Халқы 50 мыңнан асатын елді мекендерде:

  • қоғамдық орындардың: парктер, саябақтар, жағалаулар, жағажайлар, аквапарктер жұмысы тоқтатылады;
  • 65 жастан асқан адамдардың далаға шығуы шектелсін.
Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр