Соңғы жаңалықтар

"Өкпем мен бауырым ешқашан қалпына келмейді": Коронавирусқа шалдыққан қазақстандық әйел "өмірімен қош айтыса бастағаны" жайлы айтты

Коронавирус жұқтырған Нұр-Сұлтан тұрғыны қалай аурумен күресіп жатқанын айтып берді. Сөзінше, оның жағдайы ауыр болғаны соншалық, тіпті, өлемін деп ойлап, жақындарымен қош айтыса бастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

аурухана

Анна есімді Facebook қолданушысы індетті қалай өткергенін жазыпты. Алғашында әйел кофе жақпай қалды деп ойлапәлсіздік, бас ауруы сынды ауру белгілеріне мән бермепті. Себебі ол салауатты өмір салтын ұстанушылардың бірі екен. Айтуынша, коронавирус анықталғаннан кейін дәрігерлер әйелді ауруханаға тез арада жатқызудан бас тартқан. 

"Алғашында дене қызуым болмады. Сол себепті мені симптомсыз коронавирус жұқтырғандардың қатарына қосып қойды. Осылай бірнеше күн өтті. Дәрігерлер мені үйден бақылайтындарын жеткізді. Алайда менің жағдайым күн санап ушыға берді. Жақындарыма ауруды жұқтырмас үшін бөлмеден шықпайтын болдым. Бір күні хабарласқан медбикеге шағымданып, әйтеуір тағы 5-6 қоңыраудан кейін дәрігерлерді мені ауруханаға алып кетуді көндірдім", - дейді ол. 

Сөзінше, ауруханада жасалған тексерістің нәтижесінде оның өкпе қабынуына шалдыққаны анықталған. 

"Сол кезден бастап мені тиісті хаттамаларға сәйкес емдей бастады. Бір күн өткеннен соң жағдайым одан да нашарлап кетті. Күйеуіме қоңырау шалып, бала-шағаммен қоштаса бастадым. Өлген деген осындай екен деп ойладым: адамның әлі құрып, тыныс алу нашарлайтын көрінеді. Алайда бір дәрілерден бас тартқаннан кейін халім оңала бастады. Бірақ ол да ұзаққа созылмады. Дене қызуым қайта көтеріліп, қалтырай бастадым. Өкпемде мұз қатып тұрғандай сезімде болдым. Сосын мені оттегі палатасына ауыстырды", - дейді коронавирусқа шалдыққан әйел. 

Айтуынша, жасанды тыныс алу аппаратына қосылғаннан кейін ол жазыла бастағандай сезімде болған. 

"Бірақ компьютерлік томографиядан кейін өкпеге келген зақым екі есе ұлғайғаны анықталды. Бар дұғамды оқып, өміріммен қош айтыса бастадым. "Бұл қандай әділетсіздік? Мен не үшін өлуім керек?" деген сынды ойлар келді. Балаларым мен жарымның болашағы жайлы алаңдадым. Кейіннен өзімді қолға алайын деп шешіп, күн сайын тыныс алу гимнастикасын жасауға көштім. Ағзам қайта қалпына келіп, дәрігерлер ем шараларын өзгертті. Жай палатаға ауыстым", - деп қосты желі қолданушысы. 

Бұған қоса ол медицина қызметкерлерінің науқасты үйден ауруханаға алып кетуі қиын және госпитальдар толып  кеткенін атап өтті. 

"Қазір емханаларда орын қалмады. Науқастар толық айықпай тұрып, жағдайлары түзелсе, үйлеріне жібере береді. Сіздерге айтарым: үйден жайдан-жай шыға бермеңіздер. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеңіздер. Менің өкпем, бауырым, бүйрегім қайта қалпына келмейді. Бірақ сіздерде таңдау бар. Денсаулықтарыңызға күтіммен қарыңыздар. Бұл үлкен сынақ. Ал бұдан барлығының да өтуі екіталай", - деп кеңес берді әйел. 

Сондай-ақ ол дәрігерлердің қажырлы еңбектеріне алғысын білдіріп, қазақстандық демеушілерге үндеу жасады.

"Құрметті демеушілер, тыныс алу аппараттары - науқастар үшін таптырмас дүние. Қазір ауруханаларда бұл құрылғылар жетіспеуде. Сол себепті айтарым мүмкін болса, осы жағынан денсаулық сақтау жүйесіне көмектеріңізді тигізсеңіздер игі еді", - деп қорытындылады ол. 

Еске салайық, соңғы мәліметтерге сәйкес елімізде 15542 коронавирус жұқтырып, олардың 9647-сі аурудан айығып шыққан. 88 адам індеттің кесірінен ажал құшты. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр