Қазақстанда бір ай ішінде теледидар мен ноутбук бағасы қымбаттаған
Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда бір ай ішінде электроника бағасының өскенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: unitdrive.com
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, соңғы бір айда "Аудиовизуалды техника, фотосуреттер, ақпаратты өңдеу жабдықтары" санатындағы бағалар 19,7%-ға өсті.
“Диагоналы “43-49" теледидарлар 26,9%-ға қымбаттады. Өнімнің белгілі бір түріне арналған деректер 2021 жылдан бері қолжетімді және осы жылдар ішінде мұндай қымбатшылық болған емес. Теледидар статистикасында 2011 жылдан бері мұндай көрсеткіштер мүлде болмаған", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ сымсыз құлаққаптар бір айда 26,9%-ға қымбаттаған.
"2021 жылдан бері бұл санаттағы деректерде мұндай қымбатшылық болған емес. Жалпы алғанда, 2019-2020 жылдары жарияланған статистикаға көз жүгіртсек құлаққаптар мұндай қарқынмен қымбаттамаған. Сәуірде ноутбуктер 19,7%-ға қымбаттады. 2016 жылдан бері ноутбуктер мұндай қымбат бағаға сатылмаған", - деді сарапшылар.