Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда балабақшалар жұмысын қашан бастайды - бас санитарлық дәрігердің бұйрығы

Балабақшалардағы кезекші топтар бір аптадан кейін ашыла алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі бас дәрігердің бұйрығына сілтеме жасап.

балабақша

Айжан Есмағамбетова ҚР бас санитарлық дәрігері облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері COVID-19 сырқаттанушылығының өсуі 7 күн ішінде 7%-дан асатын деңгейге жеткен жағдайда: 

1) мектепке дейінгі ұйымдардағы кезекші топтардың жұмысы ( жасына қарай) санитарлық және дезинфекциялық режимге сәйкес болуы тиіс;

2) білім беру орталықтарының, үйірмелердің жұмыстары балалардың денсаулығының жәй-күйін бақылаудан кейін жүзеге асырылады (тағайындалуы бойынша);

3) балалар түзету кабинеттерінің жұмысы (тағайындау бойынша).



Балабақшалар келесі жағдайларда жұмыс істей алады:

1. Ұйықтайтын үй-жайларда кемінде 1 метр қашықтықты сақтау үшін жағдай жасалған, бірақ әрбір жас ерекшелік тобында 15 баладан артық емес (біріккен бөбекжай және 1 кіші, 2 кіші, орта, біріктірілген үлкен және мектепке дейінгі) бір жас ерекшелік бойынша кезекші топ ашуға рұқсат етіледі.

2. Балабақшаның барлық қызметкерлері мен балалардың медициналық қызметкерінің күнделікті таңертеңгілік сүзгісін өткізу.

2. Жіті респираторлық инфекциялар (жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі) және басқа да инфекциялық аурулар байқалған қызметкерлер мен балалар келуге жіберілмейді.

4. Учаскелік педиатрдан денсаулық жағдайы туралы анықтамалары бар балаларды қабылдау (3 жұмыс күнінен артық болмаған жағдайда).

5. Балаларды мектепке дейінгі балалар ұйымдарына мынадай санаттағы адамдардың алып жүруі ұсынылмайды:

- COVID-19 расталған жағдайларымен байланысы бар;

- соңғы 14 күн ішінде жағдайлар тіркелген шет елден немесе өңірлерден келгендер;

- жүкті әйелдер;

- 65 жастан асқан адамдар;

- жіті респираторлық аурулардың белгілері бар адамдар.

6. Объектідегі персонал мен келушілердің қолын өңдеу үшін көрнекі және қолжетімді орындарда тері антисептиктері орнатылады.

7. Балалардың тамақ ішкенге дейін, көшеде серуендегеннен кейін, санитариялық торапқа барғаннан кейін және басқа да ластану жағдайларында қолын өңдеу (сұйық сабынды пайдалана отырып қолды жуу) бойынша тәрбиешінің жеке жауапкершілігі.

8. Кейіннен желдете отырып, балалар болмаған кезде топтардың үй-жайларын зарарсыздандыруды (кварцтауды) қамтамасыз ету. Желдету режимін сақтау: балалар топта болған әрбір сағат сайын 15 минуттан кем емес желдету, топта балалар болмаған жағдайда тура желдету. Желдету балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде тәрбиешінің бақылауымен жүзеге асырылады.

9. Топтарда дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, есіктің тұтқаларын, баспалдақ марштарының таяныштарын, горшоктарды, сантехника жабдықтарын екі рет өңдеу (топтық үй-жайларда балалар болмаған кезде дезқұралдарды пайдалану).

10. Далада (жылы уақытта) дене шынықтыру сабақтарын және басқа да топтық сабақтарды өткізу. Ойындар үшін оқшауланған алаң болмаған жағдайда (тұрғын кешен құрамында орналастыру) серуендеуді шектеуді қамтамасыз ету.

11. Ұйықтайтын үй-жайларда ұйқы кезінде кемінде 1 метр қашықтықта балалар арасындағы қашықтықты сақтау.

12. Термометрлердің, дезинфекциялау және жуу құралдарының, антисептиктердің, жеке қорғаныш құралдарының (маскалар, қолғаптар) жеткілікті санының болуы.

13. Ауыз су режимін сақтау (бір рет қолданылатын стакандар).

14. Балабақшада эпидемияға қарсы режимді сақтау, эпидемияға қарсы режимді сақтау мониторингі мәселелері бойынша балабақша қызметкерлерімен күнделікті нұсқама жүргізуге жауапты тұлғаны тағайындау.

15. Нормативтік құқықтық актілерде белгіленген санитариялық-эпидемиялық талаптарды сақтау.

Талқылау