Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда базарлар мен сұлулық салондарына жұмыс істеуге рұқсат етілді

Бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова 2020 жылғы 10 мамырдағы "Қазақстан Республикасының тұрғындары арасында  коронавирус  инфекциясының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы" қаулыға қол қойды. Бұл жарлықта жұмыс істеуге рұқсат етілген бірқатар қызмет нысандары көрсетілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, өңірлердегі «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы COVID-19 сырқаттанушылығының өсуі 7 күн ішінде 7%-дан аспайтын деңгейге жеткен жағдайда күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып:

1) медициналық орталықтардың қызметін ( алдын ала жазылу бойынша);

2) жұмыс режимін 10:00-ден 17:00-ге дейін уақытша шектей отырып, азық-түлік базарларының қызметін;

3) жұмыс режимін 10:00-ден 17:00-ге дейін уақытша шектей отырып, ауданы 2 мың шаршы метрге дейінгі азық-түлік емес дүкендердің жұмысын;

4) азық-түлік емес базарлардың (ғимараттардан тыс) жұмысын;

5) құрылыс дүкендерінің, саяжай инвентарын сататын, оптиканың (дүкендер), гүл дүкендерінің, зоодүкендердің, жиналуды және ұзақ және тығыз байланысты болдырмайтын өзге де объектілердің жұмысын;

6) техникалық қызмет көрсету станцияларының, автожуу, шиномонтаж, автосалондардың жұмысын;

7) медициналық маска киген келушілерді кіргізуді қамтамасыз ете отырып сұлулық салондарының жұмысын (алдын ала жазылу бойынша);

8) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып бизнес орталықтарының (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг көрсетілетін қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттікттер және т. б.) жұмысын;

9) спорт объектілерінің қызметін (30 адамға дейінгі топтар үшін оқу-жаттығу процесін жүргізу);

10) мәдениет объектілерінің жұмысын (30 адамға дейін жеке және топтық дайындық);

11) халыққа қызмет көрсету жөніндегі объектілердің: жиналуды және ұзақ және тығыз байланысты болдырмайтын типографиялық қызметтер көрсететін объектілер, тігін ательелері, аяқ киім шеберханалары, аяқ киім, киім жөндеу жөніндегі сервис, химиялық тазарту, кір жуу орындары және өзге де объектілердің жұмысын;

12) халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы туризм объектілері мен ұйымдарының (қонақүйлер, отельдер, демалыс үйлері, туристік базалар және т.б.) жұмыс алгоритмін сақтауды;

13) әуежайлар, теміржол және автомобиль вокзалдарының жұмыс алгоритмін сақтауды;

14) көктемгі егіс жұмыстарына тартылған ұйымдар мен қызметкерлердің жұмыс алгоритмін сақтауды қамтамасыз етсін.

Еске салайық, 11 мамыр күні елімізде төтенше жағдай аяқталған болатын. 

Талқылау