AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ажырасу тәртібі өзгеруі мүмкін

Қазақстанда ажырасу тәртібі өзгеруі мүмкін. Бұйрықтың тиісті жобасын "НҚА ашу" порталында әділет министрлігі жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ажырасуға қатысты өзгерістер балалары жоқ жұбайларға қатысты болмақ. Некені бұзу үшін ерлі-зайыптылар екіжақты келісім туралы өтінішхат пен кәмілеттік жасқа толмаған балаларының жоқ екенін растайтын құжат өткізуі керек. 

"Некені бұзу туралы мемлекеттік тіркеуді некені бұзушылардың қатысуымен тіркеуші орган жүзеге асырады. Неке өтініш қалдырылғаннан кейін бір айлық мерзім өткеннен кейін бұзылады. Мерзім өтініш қалдырылған күннің ертесінен бастап есептеліп, келесі айдың дәл сол күнінде аяқталады. Егер демалыс күніне тұспа-тұс келсе, одан кейінгі жұмыс күні аяқталатын күн болып есептеледі", – делінген бұйрықта. 



Сондай-ақ, бір айлық мерзімді қысқартуға болатыны айтылды. Ол үшін ерлі-зайыптылар тіркеуші органға жеке куәлікпен немесе электронды құжатпен бірге некені бұзуды тіркеу үшін белгіленген күнде келуі керек. 
Егер де ерлі-зайыптылар өздері айтқан күні келе алмаса, өтінішті қайта бере алады. Оларға тағы да бір айлық мерзім беріледі. 

Ерлі-зайыптылардың бірі екінші рет өтініш қалдырғаннан кейін де келе алмаса, неке оның қатысуынсыз бұзылуы мүмкін. Ол үшін оның некені бұзуға келісім бергені туралы нотариалды бекітілген қағазды жеткізу қажет. 

Некені "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы бұзуға болады. Ол үшін кәмілеттік жасқа толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылар тиісті құжаттарды келтіруі керек.

Жаңа ережелерді жария талқылау 18 ақпан күні өтеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр