2022 жылы құжат жасау қанша теңге болады?
Қазақстанда 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемі 3 063 теңгеге дейін өседі дейін өседі. Осыған байланысты келесі жылы құжат рәсімдеу бағасы да көтеріледі.

Айта кетсек, АЕК жәрдемақы мен өзге де әлеуметтік төлемдерді, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтарды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да төлемдерді есептеу үшін қолданылады.
Ең төменгі жалақы мен зейнетақы көтеріледі: 2022 жылы Қазақстанда не өзгереді
Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде құжат рәсімдеудің құны мынадай болады:
- Жеке куәлік – 0,2 АЕК (2021 жылы 583 теңге, 2022 жылы 613 теңге);
- Төлқұжат – 8 АЕК (2021 жылы 23 336 теңге, 2022 жылы 24 504 теңге);
- Жүргізуші куәлігі – 1,25 АЕК (2021 жылы 3 646 теңге, 2022 жылы 3 829 теңге);
- Неке куәлігі – 1 АЕК (2021 жылы 2 917 теңге, 2022 жылы 3 063 теңге);
- Ажырасуға арналған өтініш – 0,3 АЕК (2021 жылы 875 теңге, 2022 жылы 919 теңге).
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?