Қазақстанда автокөлікке арналған жеңілдетілген несие қараша айында қайта жалғаспақ
Қазақстанда автокөлікке арналған жеңілдетілген несие қараша айында қайта жалғасады деп жоспарлануда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Колеса порталына сілтеме жасап.

Өнеркәсіпті дамыту қорының басшысы Ринат Гаппаров қарыз алғандардан түскен пайыздар банк шотына түсіп жатқанын және автонесие беру жалғасатынын мәлімдеді. Гаппаров биыл 1 қыркүйектегі есеп бойынша 13 307 несие беріліп, 11 мың автомобиль өткенін атап өткен.
"Алдағы 30 жылда дәл осы бағдарлама арқылы 60 мыңға жуық машина жаңарады. Револьверлік жолмен қайтатын қаражат жылына 7.7 млн теңге тұратын — 1858, 10 млн тұратын 1430 машина рәсімдеуге мүмкіндік береді", - делінген сайттағы ақпаратта.
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес
Әйелімнен таяқ жедім деген қазақстандық ер адам әділдік іздеп жүр
Ержанның айтуынша, қызы есейген соң анасының жағына шығып, екеуі бірге өзіне қол көтеретін болған