Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда әскерге шақыртылған 5 мыңнан астам сарбаздың 1,4 миллиард теңге қарызы бар

Мерзімді әскери борышын өтеуге шақырылған 5 мыңнан астам сарбаздың банк алдындағы несие берешегі 1,4 млрд теңгеге жетті. Қорғаныс министрлігі Отан алдындағы борышын өтеп жүргендердің бұл қарыздары кейінге шегерілгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ОКҚ

ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында  БАҚ өкілі қорғаныс министрлігінің өкілі Руслан Жануглиннен қанша сарбаз несиесін төлемей жүргенін және әскерден келгендердің қаншасы банк алдындағы несиесін төлеуге кіріскені туралы сұрады. 

Министрлік өкілі сарбаздардың несиесін кейінге шегеру жұмыстары әлі де жүріп жатқанын айтты. 

“Былтырғы жылы қорғаныс министрлігі қаржы нарығын реттеу агенттігімен бірлесе отырып келісімге қол қойған болатынбыз. Оның аясында әскери борышын өтеген кезде азаматтардың несиелерін төлеу мерзімі кейінге шегеріледі. Осы бойынша бүгінгі күні жұмыстар жүргізілуде. Біз екінші деңгейлі банктер және микроқаржы ұйымдарынан тікелей қаржы нарығын реттеу агенттігі арқылы жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Қазіргі уақытта әскери борышын өтеп жатқан 5 мыңнан аса сарбаздың 1,4 млрд теңгеге несиелері кейінге шегерілді. Бұл өте зор мүмкіндік болып отыр, -деді қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Руслан Жангулин. 

Руслан Жангулиннің айтуынша, әскер қатарына шақырылғандардың басым бөлігі тұтынушылық несие рәсімдеген. Әсіресе, ұялы телефонды несие арқылы алғандар саны басым. Министрлік өкілі сарбаз әскерден келген соң жұмыс тапқанға дейін банк тарапы оны тағы бір ай мазаламайтынын айтты. 

“Біз былай да қарастырдық 12 ай және 1 ай, яғни толығымен 13 ай. Оған Отан алдындағы борышын өтегеннен соң, бір ай жұмыс орынын табуға мүмкіндік беру. Азамат әскери борышын өтеуге келгенде ең алдымен жергілікті әскери басқару органдарына өзінің мойынында кредиті бар ма, жоқ па екенін мәлімдейді. Біздің өкілдер сол жерде әрі қарай не істеу керектігін атйып,  тиісті кеңес береді”,- деді министрлік өкілі.   

Талқылау