AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда алты ірі газ жеткізушіге қатысты тергеу аяқталды

Қазақстанда құқық қорғау орындары сұйытылған мұнай газын көтерме саудамен жеткізушілер тобына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

газ мангыстау 

Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Сұйытылған мұнай газын көтерме саудада сататын алты ірі жеткізушіге қатысты тергеу амалдары аяқталды. Сұйытылған мұнай газын сатушылар өздерінің үстем жағдайын асыра пайдаланып, оны сатудың шекті бағасын белгілеуге ғана мән бергені анықталды", - делінген хабарламада.

"Қазақойл Ақтөбе" ЖШС-не қатысты әкімшілік айыппұл салу туралы сот қаулысы шығарылды. "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ және "ҚазГерМұнай" БК" ЖШС-не қатысты әкімшілік істер қозғалып, сотқа жолданды.

"Петросун" ЖШС мен "Қазақ газ өңдеу зауыты" ЖШС-не қатысты қылмыстық істер қозғалды, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ бойынша іс материалдары қаржы мониторингі агенттігіне берілді.

Сондай-ақ, "Қазақ газ өңдеу зауыты" ЖШС-нің әрекетінде сұйытылған мұнай газын өткізу көлемін негізсіз қысқарту фактілері анықталды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі сұйытылған мұнай газын сатумен айналысатындарға қатысты 193 тергеу жүргізген, оның 89-ы бас прокуратурамен бірлесіп жүргізілген.

"65 нарық субъектісінің әрекетінде картельдік сөз байласуды ұйымдастыру фактілері анықталды. 45 субъектіге қатысты әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды. Салынған әкімшілік жазаның жалпы сомасы 92 миллион теңге", - делінген хабарламада.

Қаңтар айында Қазақстанда сұйытылған газ бағасының қымбаттауына байланысты жаппай наразылық акциялары өтті. Наразылықтар Жаңаөзен мен Ақтауда басталып, кейін басқа қалаларға, соның ішінде Алматыда кең көлем алды.

5 қаңтарда Мемлекет басшысы бас прокуратураға бәсекелестікті қорғау агенттігімен бірлесе отырып, сұйытылған мұнай газын сатумен бағаны келісу және басқа да бәсекелестікке қарсы әрекеттерге қатысы бар компанияларды тексеруді тапсырды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр