Қазақстанда алынған вакцинация паспорты шетелде жарамды ма?

ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцинация паспорты туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министр шетелде Қазақстанның вакцинация паспорты қаншалықты жарамды болатынын айтты. Оның сөзінше, әзірге әлемде мұндай жүйе енгізілмеген, мүндай жүйе енгізілетін болса, еліміз әлемдік талаптарға бағынатын болады. 

"Қазіргі таңда бұл мәселе талқыланып жатыр. Қазіргі таңда әлемде қозғалысты шектейтін құжат жоқ. Біз Қазақстанда өзіміздің ақпараттық жүйелерімізді реттеп қойдық. Қазір бізде вакцинаның екі дозасын алғаннан кейін вакцинация паспорты беріледі. Егер әлемдік жүйе өзгеретін болса, біз де жүйемізді ыңғайлаймыз. Алайда қазір әлемде мұндай шектеу жоқ", - дейді министр. 

Ал Қазақстанның ішінде жүріп-тұру үшін вакцина салдыру талап етілмейді. 

"Ондай шектеу шараларын енгізу жоспарда жоқ. Вакцинацияның өзі ерікті түрде жүргізіліп жатыр. Егер басқа мемлекеттерде мұндай шектеулер енгізілетін болса, шетелге шығу үшін сол елдің заңына бағыну керек болады", - дейді Алексей Цой. 

Халықты иммундық алдын алу үшін денсаулық сақтау министрлігі e-gov mobile «Вакцинация» сервисін, sms-хабарламаларды, жеке кабинетті пайдалану, сондай-ақ «Цифрлық құжаттар» сервисінде вакцинация паспортын енгізу арқылы IT-технологиялардың мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланады. Болашақта вакцинация паспортын қолдану кеңейтілетіні белгілі болды.

"Қазіргі уақытта вакцинация паспортын біріктіру үшін IATA халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен ынтымақтастық мәселесі қарастырылуда. Вакцинация паспортын "Ashyq" қосымшасымен біріктіру 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап жүзеге асырылады", - деді денсаулық сақтау министрі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр