Қазақстанда алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Қазақстан бойынша 2021 жылдың 26-28 тамызына арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан аумағында ауа райының тұрақсыз болады. Синоптиктер кей өңірлерде найзағай ойнап, бұршақ жауатынын ескертті.
“Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ҚР аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі: найзағай, бұршақ, екпінді желмен қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Республиканың барлық өңірлерінде температуралық фон салыстырмалы түрде тұрақты: батыста түнде 17-22, күндіз 30-38 жылы, солтүстікте түнде 7-18, күндіз 20-35 жылы, орталықта және республиканың шығысында түнде 7-18, күндіз 22-35 жылы, оңтүстікте түнде 15-23, күндіз 32-40 жылы, оңтүстік-шығыста түнде 13-22,
күндіз 27-37 жылу”, – дейді синоптиктер.
Астаналық әйел жекеменшік балабақша қызметкерін баланы ұрып-соқты деп айыптады
Қазір балабақшада қызметтік тексеру жүріп жатыр
Экологтар Атырауда егілген лотос экожүйені құртып, өзенді батпаққа айналдырады деп дабыл қақты
Маман: "Инвазивті өсімдіктер өте жылдам таралып, су түбін көлеңкелейді және жергілікті өсімдіктерді ығыстырады"