Қазақстанда ақпан айының соңына дейін утильдік алымдар бойынша жаңа мөлшерлемелер енгізіледі
Экология және геология министрлігі еліміздегі утильдік алым бойынша мөлшерлемелер ағымдағы жылдың ақпан айының соңына дейін қаралып, бекітілетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мөлшерлемелер ағымдағы жылдың ақпан айының соңына дейін қаралып, бекітіледі. Жұмыс тобы нәтижелер туралы ақпаратты министрліктің интернет-ресурсында бөліседі. Аталған уақытқа дейін кәдеге жарату алымы "Жасыл Даму" АҚ операторына қолданыстағы мөлшерлемелер бойынша төленеді", – делінген министрліктің хабарламасында.
Еске салсақ, президент Қасым Жомарт Тоқаев "ӨКМ Операторы"ЖШС-не утильдік алымды тоқтату және оған иелік ету бойынша шаралар қабылдауды тапсырған болатын.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан