AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Утильдік алымы 100 мың теңгеден аспауы керек": Қазақстандық көлік жүргізушілері Президентке петиция жолдады

Қазақстандық көлік жүргізушілері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан утилизациялық алым көлемін төмендетіп, жаңа көліктердің бағасын халыққа қолжетімді етуді сұрады. Ол үшін кәдеге жарату төлемдерінің көлемін 55 есеге қысқартып, бұдан былай 100 мың теңгеден асырмау керек деген петицияға қол жинап жатыр. Себебі көрші мемлекеттермен салыстырғанда бізде утильдік мөлшерлеме тым қымбат дейді. Қазірдің өзінде петицияны бес мыңнан астам адам қолдап, қол қойған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентттігі 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап. 

утиль алымы

Утильдік алымдарға қарсы қол жинай бастағандардың бірі – атыраулық Асхат Нұрсұлтанов. Оның сөзінше, ауыл шаруашылығы техникалары мен электр құралдарына утильдік алымдарды толық алып тастау керек. Ал жеңіл көліктердің кәдеге жарату төлемдері 20 мың теңгеден басталып, 100 мың теңгеден аспауы тиіс дейді. Айтуынша, биліктегілер алты жыл бұрын елімізде утильалым енгізілгенде халықтың қамын ойламаған. 

"Утильсбор кесірінен қазір барлық әлеуметтік маңызы бар тауарлар қымбат. Мысалы, ауыл шаруашылық техникасына утильсбор енгізу кесірінен азық-түлік қымбаттауда. Кабель өнімдеріне утильсбор енгізу кесірінен шаршы метр, яғни үйдің бағасы өсті", – деп мәлімдеді Атырау қаласының тұрғыны Асхат Нұрсұлтанов.



Елімізде утильалымдар автокөлік құралдары, дөңгелектер, аккумулятор, электр және электр құрылғыларынан алынады. Қазақстанда бұл төлем жарты миллионнан басталып бес жарым миллион теңгеге дейін барады. Ал автокөлік өндірісі дамыған көптеген Еуропа мен Азия елдерінің өзінде утильдік алымдар екі жүз доллардан аспайды. 

Әлемде ең төменгі утильалым Нидерландыда. Онда кәдеге жарату төлемі 40 еуродан көп емес. Сондықтан ел азаматтары рөлі оң жағында орналасқан көліктерді Ресей, Армения мен Қырғызстаннан сатып алып жатыр. 

Тәуелсіз автокөлік одағының төрағасы Эдуард Эдоковтың айтуынша, бес жылда жиналған 700 млрд теңгеге жуық ақшаның көп бөлігі қайда кеткені белгісіз. Жиналған қаржыға Отандық көлік құрылысын дамыта алмадық дейді. Сондықтан бұған дейін жиналған утильалымның кері қайтарылуын талап етуге толық құқылы екенін мәлімдеді.

"Кәдеге жарату төлемімен бірге бастапқы тіркеу алымының көлемін де қысқарту керек. Бұл екі төлемнің көлемі қалта көтермейді. Осы екеуі азайса, көлік құнының 20-30 пайызға төмендеуін күтуге болады", –  деді тәуелсіз автокөлік одағының төрағасы Эдуард Эдоков.

Ал көлік жүргізушілері петиция Президентке жетіп, талаптарымыз ескеріледі деп үміттенеді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр