Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда утилизация алымымен айналысатын бірыңғай оператор пайда болады

Қазақстанда утилизация алымымен айналысатын бірыңғай оператор пайда болады, сондай-ақ коэффициенттер қайта қаралымнан өтеді. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

утилизация 22

"2016 жылдан бері утилизация алымы түрінде түскен қаражат көлемі 691,9 млрд теңгені құрады. Түскен қаражат Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес қатаң түрде жұмсалады. Атап айтқанда, бұған дейін утилизациялық төлем түрінде төленген 338,9 млрд теңге көлеміндегі қаражат отандық автокөлік өндірушілерге қайтарылды және қалған 102 млрд теңге экологиялық мәселелерді шешуге жұмсалса, 49,1 млрд салықтарға бөлінді", – деді министр үкімет отырысында.

Басқарма басшысының айтуынша, қалған қаражат қалдығы 220,6 млрд теңгені құрайды және ол екінші деңгейлі банктерде. Брекешев атап өткендей, департамент алдағы уақытта жеке мемлекеттік оператор құру мәселесін пысықтайды.



"Министрлік қоғам, бизнес және мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп, жеке мемлекеттік оператор немесе саланы дамыту қоры негізінде құру мәселесін пысықтайтын болады, сонымен қатар утильалым коэффициенттерін қайта қарау мен отандық автокөліктер мен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алушыларға ваучерлер беру мәселесін қарайды", – деді Брекешов.

"Оператор РОП" ЖШС Үкіметтің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысымен Экологиялық кодекстің 387-бабына сәйкес құрылған.

Еске салайық, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда утилизация алымын тоқтатуды тапсырған болатын.

Талқылау