42500 теңге жәрдемақы: Аружан Саин ақшаны балалар санына қарай беруді ұсынды

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин қаржы министрлігіне және еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне карантин кезеңіндегі мемлекеттік төлемді қайта қарауды және балалы отбасыларға 42 500 теңге емес, одан да көп төлеуді ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

42 500

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте өткен брифинг кезінде балалар омбудсмені қазіргі таңда қазақстандық экономистер жұмысқа қосылып, карантин кезінде өмір сүру үшін адамдарға қанша қаражат жұмсау керектігін есептеу керек екенін атап өтті.

"Мен 42 500 сомасымен дауласар едім. Қолдау шаралары балалардың санына байланысты төленуі керек деген ұсынысым бар. 42 500 теңге бір адамға жетуі мүмкін, бірақ балалары бар отбасы үшін бұл өте қиын", - деді Саин.



Бала құқықтары жөніндегі уәкіл карантин кезеңіне мемлекеттік төлемдерге жауапты мемлекеттік органдарға ресейлік тәжірибеге назар аударуды ұсынды. Онда көмек мөлшері балалар санына байланысты төленген.

"Жаңа карантин баршаға күтпеген жағдай болды және қаржы министрлігі мен еңбек министрлігі бұл шараларды шұғыл түрде қайта қарайды деп үміттенемін", - деп нақтылады Аружан Саин.

Еске сала кетейік, 14 шілде күні Қазақстан үкіметі карантинді күшейту кезеңінде жұмыссыз қалған қазақстандықтар үшін 42 500 теңге жәрдемақыны қайта төлеу туралы шешім қабылдады. Төлемдер жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлердің, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың өтінімдері негізінде жүзеге асырылады.

Еңбек министрлігін 17 шілдеге дейін қажетті төлем механизмін дайындайды, ал 20 шілдеден бастап ақша қазақстандықтардың шотына түседі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр