Банктер 42500 теңге алғаны үшін несие беруден тартты. Қайда шағымдану керек

Қазақстандықтар мемлекеттен бұрын алынған әлеуметтік төлемдер есебінен екінші деңгейлі банктерден несие алу мүмкін еместігі туралы шағымдарын бірінен кейін бірі айтып жатыр. Осыған орай ҚР-ның қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттікте 42 500 теңге несие тарихына ешқандай әсер етпеуі тиіс екенін мәлімдеді, сондай-ақ бас тартқан жағдайда қалай және қайда шағым беруге болатынын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Агенттік өкілдері 42 500 теңгеге әлеуметтік төлем алу қарыз алушының кредиттік тарихында көрсетілмейтінін еске салды. Сонымен қатар пайдаланған несиелер бойынша кейінге қалдыру болашақта қарызды рәсімдеу мүмкіндігіне әсер етпеуі тиіс екенін атап өтті. Қазақстанның заңнамасында мұндай тыйымдар қарастырылмаған.

"Бұл ретте несие беру мәселесін екінші деңгейлі банктер қарыз алушының мүмкіндіктері мен банктің кредиттік саясатына қарай дербес шешуі тиіс. Қорытындылай келе, егер банк жоғарыда айтылған себептердің негізінде несие беруден бас тартса, қаржы қызметтерін тұтынушылар шағым жасауға құқылы", - деді агенттікте.



Жазбаша өтініштермен жүгінуге болады:

  • пошта арқылы: А15С9Т5, Алматы қаласы, Көктем-3 шағын ауданы, 21 үй. Байланыс телефоны: + 7 (727) 2619 200;
  • электрондық пошта арқылы: [email protected]

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қажетті жедел ақпарат алу үшін жүгіну керек:

  • агенттіктің қаржылық қызметтердегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьевке [email protected] немесе +77011110471 нөмірі бойынша WhatsApp арқылы;
  • департамент директорының орынбасары Ксения Калиева электрондық пошта арқылы: [email protected]

Агенттік қызметі бойынша, сондай-ақ қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерінің бұзылуы туралы, қаржы өнімдерін пайдалану шарттары туралы, қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл туралы және басқа да сұрақтарға жауап алуға болады:

  • App Store және Play Market-те "Fingramota Online" мобильді қосымшасы. Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында болады және агенттіктің ресми жауабы емес;
  • Агенттіктің жедел байланыс телефондары: +7 (727) 2788 122, 2788 144. Жедел желінің жұмыс кестесі: жұмыс күндері ғана (дүйсенбі - жұма) сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
  • www.finreg.kz және www.fingramota.kz веб-сайттарындағы "кері байланыс" бөлімінің электрондық нысаны;
  • аймақтық өкілдердің басқармасы - аумақтық тиесілігі бойынша
Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр