Қазақстанда 4 мамырдан бастап аймақтарға бірқатар рейстер қайта ұша бастайды
4 мамырдан бастап Қазақстанда бірқатар рейстер қалпына келеді. Мұндай шешім бүгін Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысында қабылданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қызылордаға, Петропавл, Өскемен және Семейге рейстерді 4 мамырдан бастап қалпына келтіру туралы шешім қабылданды. Рейстер қатаң санитарлық нормалармен ұша бастайды, сонымен қатар жолаушылар саны аз болуы керек және салонда арнайы қашықтықта отыратын болады", - делінген мемлекеттік комиссияның шешімінде.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар