Қазақстанда 26 қазаннан бастап шетелге ұшатын әуе рейстерінің саны қысқарады
Қазақстандағы шекарадан өткізу пункттерінде санитарлық эпидемиологиялық бақылауды күшейту туралы Асқар Мамин тапсырма берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Елімізде бірқатар талаптар қатаңдатылды:
- 2020 ж. 26 қазаннан бастап шет елдердегі эпидемиологиялық ахуалды ескерумен шетелге ұшатын әуе рейстерінің санын қысқарту;
- Қазақстан аумағына келгендердің барлығын (соның ішінде ҚР азаматтарын), сондай-ақ екіжақты халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын жүргізушілерді міндетті ПТР-тестілеуден өткізу;
- Шетелден келушілерге, оның ішінде ҚР азаматтары үшін де ПТР тестіден өткені туралы анықтаманың жарамды мерзімін 3 күнге дейін белгілеу;
Оған қоса, 2020 жылғы 19 қазаннан бастап ҚР көптеген өңірлік зертханаларында ПТР-тестілеу құны 9 мың теңгеге дейін төмендетілді.
24 қазаннан бастап Қазақстанда кейбір мекемелер демалыс күндері жұмыс істейтін болды. Оған қоса, 26 қазаннан бастап кинотеатрлар ашылады.
Талқылау
"Адамды қалай өлтіруге болады деп ашық іздеген": Яна Легкодимованың өлімі бойынша тергеуші істі қалай ашқанын баяндап берді
Жас тергеушіден жұмысы туралы сұрадық
Қазақстанда қант диабетінің әлеуметтік маңызы бар аурулар қатарынан алынуы дау туғызды: Енді мемлекеттік көмекті кімдер алады
Желі қолданушысы: "МӘМС-ке төлесем де дәрілерді сатып аламын"