AAPL
169.24 $
2.62 %
TSLA
883.07 $
3.89 %
NDAQ
186.6 $
1.87 %
GOOGL
119.7 $
2.63 %
FRHC
57.56 $
7.61 %
AAPL
169.24 $
2.62 %
TSLA
883.07 $
3.89 %
NDAQ
186.6 $
1.87 %
GOOGL
119.7 $
2.63 %
FRHC
57.56 $
7.61 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде балабақшаларды лицензиялау 2024 жылы басталады

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім және ғылым сапасын қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру үшін лицензиялау институтын енгізу қажеттігін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

балабақша

"Біздің қоғамда балабақшаларды лицензиялау мәселесі туды. Біз мектепке дейінгі білім беру саласындағы заң бұзушылықтарды естіп жүрміз. Бұл жаңа құрал емес екенін түсіну керек. Бұл 2011 жылға дейін болған, бірақ ол уақытта балаларды орынмен қамтамасыз ету мәселесі өзекті болғандықтан, негізгі басымдықты мүмкіндігінше көп баланы қамтамасыз ету болды. 10 жыл ішінде біз бұл мақсатқа қол жеткіздік. Балалардың 99 пайызы балабақшамен қамтамасыз етілген. Енді сапа туралы айтатын кез келді”, – деді шенеунік.



Лицензиялауды қайтармас бұрын министрлік қолданыстағы заңнаманы қолданудың салдарын бағалау және жан-жақты талқылау жүргізеді. Дайындық жұмыстарына 2022 және 2023 жылдар кетеді деді ол.

"Алаңдайтын ештеңе жоқ, лицензиялау 2024 жылы басталып, кезең-кезеңімен жүзеге асады деп болжап отырмын. Алдымен жаңа балабақшалар, содан кейін мемлекеттік аттестациядан екі рет те өтпегендер, тәуекел тобындағы мекемелер, содан кейін ғана қалғандары. Лицензиялау біліктілік талаптарынан өтеді: ең аз және ең қажетті", –  деп атап өтті комитет төрағасы.

Мемлекет жекеменшік балабақшаларды жабу мақсатын көздеп отырған жоқ. Керісінше, негізгі біліктілік талаптарына сай келетін мекемелер кедергісіз жұмысын жалғастыратынын айтты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр