AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Саусағын тырнағына дейін шайнап тастаған": Жамбыл облысында бала балабақшадағы өзге тәрбиеленушіні 19 жерден тістеп тастаған

Жамбыл облысында ата-аналар бөбекжайға берген балаларын өзге бүлдіршін тістеп тастайтынын айтып шағымданды. Әу баста мұны балалыққа балап мән бермеген ата-аналар, жағдайдың жиі қайталануы алаңдатып отыр дейді. Тіпті оғаш мінезді бүлдіршін соңғы рет тобындағы қатарласын 19 жерінен қан жоса етіп тістелеп тастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

бала

Аталған жағдай ауылдағы жалғыз мектепке дейінгі мемлекеттік мекеме қабырғасында болған. Алғашында Еркеназдың денесінен қанталаған ізді көрген жақындары мұны балалардың балалығы деп балапты. Бірақ кейін шұрқырай жылай берген соң, ауырсынған жерін ашып көріп тілі шықпаған бүлдіршіннің ымдап не айтқысы келгенін түсіпті. 

“Мынандай маңдайынан, еңбегінен тістеген. Бір саусағын шайнап тастаған. Тырнағына дейін. Сөйтіп әр жері, иығы, саны жалпы 19 жерінен тістеген. Ол байқұс шырылдап жылағанда бір адам келмеген ғой”, – деді Еркеназдың атасы Байқадам Битөреев.

Екі жасар Еркеназ ем алуға Елордаға кеткен. Азу тістен әбден азапталған балаға дәрігерлер неврологиялық стресс алған деген диагноз қойған. Бұлайша қан жоса етіп тістелеу бес минуттың ісі емес деген әжесі күні бойы қараусыз қалдырған тәрбиешілерге ашулы. Жанұшыра жәрдем сұрап жылаған бүлдіршінді бақылаусыз қалдырған басшылық жұмыстан кетсін дейді. 

“Әрине, орнынан кетуі керек, бұл деген масқара ғой. Былай бетін қорғаштап жаба береді. Бала жылайды, шошынған, шыңғырады, түнімен ұйықтаған жоқ”, – деді Еркеназдың әжесі Науат Дүкенбайқызы. 

Оғаш мінезді бүлдіршіннің оңдырмай тістеп, қыршып алуға құмарлығын балабақша басшысы да мойындап қалды.

“Мынау екінші жағдай. Балаға грыжасына операция жасату керек дедік. Одан кейін мақұл деп кеткен. Ол үлкен дәретке отырған кезде мазасызданады, кіші дәретке отырған кезде мазасызданады”, – деді "Қарлығаш" балабақшасының меңгерушісі Балауса Әлімханқызы.

Бар кінәні балаға тели салған басшылық бөбекжайда бақылаудың жоқтығын айтқысы жоқ. Ал ауданнан алып-ұшып жеткен басшылар тәрбиешінің жұмыс орнында болмау себебін зерделейміз дейді. Міндетті түрде меңгерушіге қатаң шара қолданатынын жеткізді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр