Қазақстанда 12 жастан асқан балаларға арналған вакцина жасалмақ
Қазақстанда 12 жастан асқан балаларға коронавирусқа қарсы вакцинаның жеңіл түрі егілуі мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.
“Қазір институт зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 12 жастан асқан балаларға вакцинаның жеңіл түрін егуі мүмкін. Яғни вакцинаның жеңіл түрі дайындалады”, – деді қала әкімі.
- "Вакцина салдырса, тірі қалар ма еді": Біржан Хасанғалиев әкесінің неден қайтыс болғаны туралы айтып берді
- Қазақстандық ер адам вакцинация паспортын сатып алып, жансақтау бөліміне түсті
Сонымен қатар Сағынтаев Алматыдағы оқу орындары жаңа оқу жылына дайындалып жатқаны туралы айтты. Қалада жаңа оқу жылы оффлайн режимінде өтеді деп күтіледі.
Еске салсақ, осыған дейін вакцина салдырғаннан кейін жүкті болғанын білген әйелдерге вакцинаның екінші дозасын салмауға рұқсат берілетіні туралы айтқан болатынбыз.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен