Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Вакцина салдырғаннан кейін жүкті болғанын білген әйелдер не істеуі керек: Мамандар түсіндірді

Инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Абзалқызы Қожапова жүкті әйелдерді вакцинациялау мәселесіне қатысты әңгіме қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жүктіліктің алғашқы белгілері қандай?

Коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын алып, артынша жүкті екенін білген әйелдерге екінші дозаны салдырмауға рұқсат беріледі. 

“Егер бірінші дозаны алғаннан кейін әйел адам жүкті екенін білетін болса, екінші дозаны алмауына рұқсат беріледі. Қазір әлем бойынша жүкті әйелдерді вакцинациялау мәселесі қарастырылып жатыр”, – дейді Роза Абзалқызы. 

Бұл мәселеге қатысты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының "Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы" филиалы директорының орынбасары Смағұл Манар Асырқызы да пікір білдірді. 

“Қолда бар деректер бойынша, вакцина алғаннан кейін жүкті екенін білетін болса, ешқандай әрекет жасаудың қажеті жоқ. Өйткені қазір әлем бойынша жүкті әйелдерге вакцина салу мәселесі қарастырылып жатыр. Әйел адам өзінің жүкті екенін білмей вакцина алуы мүмкін. Вакцина балаға кері әсер етеді деген тұжырым жоқ”, – дейді маман. 

Талқылау