AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Вакцина салдырса, тірі қалар ма еді": Біржан Хасанғалиев әкесінің неден қайтыс болғаны туралы айтып берді

Биыл 30 сәуірде 81 жасына қараған шағында халық әртісі, аңыз әнші, ұлы композитор Ескендір Хасанғалиев өмірден озды. Коронавирус жұқтырып, ауруханаға жатқан әртіс бірден жансақтау бөліміне түседі. Бірақ оны аман алып қалу дәрігерлерге мүмкін болмапты. Біржан Хасанғалиев әкесі екпе салдырғанда аман қалар ма еді деген өкінішін жасырмайды. Бұл туралы ол Stan.kz тілшісіне берген сұхбатта айтып берді. 

“Әкем туралы өткен шақта айту қиын. Тек біздің отбасы емес, еліміз үшін де үлкен қайғы болды. Шай ішіп отырған кезде кіріп келетіндей көрінеді. Бірақ өкініштісі осы өмірде жоқ екені есіме түседі. Әкем әрдайым еркелетіп өсірді. Менен ештеңені аямайтын. Отбасымен өткізген әр бір минутын бағалайтын”, – деп есіне алды ұлы Біржан Хасанғалиев. 

Оның айтуынша, бір жыл бойы карантиндік шараларды сақтап, үйде отырса да, ауруханаға жатқанда жұқтырып алған көрінеді. 

“Олар бүкіл халық сияқты бір жылдан астам уақыт үйде отырды. Ешқайда жіберген жоқпыз, далаға шығарған жоқпыз. Бірақ шамамен үш ай бұрын профилактика ретінде ауруханаға жатты. Сонда анам да, әкем де вирус  жұқтырып алды. Үйге келгеннен кейін жөтеле бастады. ПТР-тест тапсырып, нәтижесі оң болып шықты. Сол кезде жұқтырғанын, ауырып қалғанын түсіндік”, –дейді ол.

Алғашқылардың бірі болып екпе алған Біржан Хасанғалиев әкем де вакцина салдырғанда тірі болар ма еді деп өкінеді. 

“Өз басым наурыз айының басында алғашқылардың бірі болып вакцина салдырдым. Сонда әкеме бірге салдырайық деп айттым. Дегенмен, ел аузында екпеге қатысты неше түрлі алып-қашпа әңгіме болды. Көп адамдар екпеге сенімсіздік танытып, қорқып салдырмады. Менің ойымша, сол кезде салдырса, қазір тірі қалар ма еді. Әрине, бәрі жаратушымыздың қолында. Бірақ екпе вирусқа қарсы қорған болушы еді”, – дейді өзегі өкініш керген Біржан Хасанғалиев.  

Арқа сүйер қорғанын жоғалтқан Біржан әкесінің өлімінен кейін екі аптадай ес жия алмағанын жеткізді. Содан кейін халық әртісінің өмірі мен шығармашылығы туралы кітап жазуды қолға алған. 

“Ең жақын адамын жоғалтқанда адам көп жылайды. Мен де ондай болды. Әкем қайтқаннан кейін тек екі апта өткенде өз-өзіме келдім. Әкемнің қаншама қызықты әңгімелері бар. Жалпы оның өмірі бірнеше томды кітапқа арқау бола алады. Соны неге жазбасқа деп өз-өзіме сұрақ қойдым. Сол сұрақ ойыма келгеннен кейін, кітап жазуды бастадым. Өйткені қазір көп нәрселер ойымда, оның айтқан сөздері, әңгімелері, басынан кешкен оқиғалары жадымда тұр. Сонымен қоса, карантин кезінде көп нәрсені өз аузынан естіп, камераға жазып алғанмын. Қандай ақындармен жұмыс істеді, әндері қалай, қай кезде шықты, қандай себеппен шықты. Осының бәрін кітапқа жазып, халыққа ұсынуға болады. Кітапқа қоса, әкемнің туған күні қарсаңында ендігі жылы республикалық немесе халықаралық деңгейде ән байқауын өткізу жоспарда бар”, – дейді Біржан Хасанғалиев. 

Сұхбаттың толық нұсқасын біздің Youtube арнамыздан қараңыздар:

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр