Қазақстанда 1 шілдеден ішімдік қымбаттайды
1 шілдеден бастап елімізде ішімдік бағасы қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ашық НҚА порталында Қаржы министрінің бөлшек саудада өткізу үшін араққа қойылатын шекті бағаны көтеру туралы бұйрығының жобасы жарияланды.
Оған сай, 1 шілдеден бастап 30 қыркүйекке дейінгі аралықта ішімдіктердің бөлшек саудадағы ең төменгі құны былай белгіленді:
- арақтар, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарының бір литрі – 1 980 теңге.
- коньяк пен брендидің бір литрі – 2 930 теңге.
Ал 1 қазаннан ішімдіктің ең арзан бағасы келесідей болмақ:
- арақтар, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарының бір литрі – 2 100 теңге;
- коньяк пен брендидің бір литрі – 3 110 теңге.
Қаржы министрінің бұйрығы 26 маусымға дейін көпшілік талқылауда болады. Кейін қол қою үшін ведомство басшысына жолданады. Содан соң, яғни 1 шілдеден күшіне енеді.
"Ішімді екі қолымен қатты басты": Қазақстандық әйел босану кезінде дәрігерлерді салғырттық танытты деп айыптады
Нәресте 21 күн реанимацияда жатып, бірнеше рет наркоз алған
"Қайда жұмыс істейсіз, қанша жалақы аласыз": Қазақстандық ата-аналар мектептердің жеке мәліметтерді сұрауына наразы
Мектептер өткізетін сауалнамалар легі ата-аналар тарапынан түрлі сауал туғызып жатқан көрінеді