Қазақстан тумасы неміс азаматын өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Қазақ азаматы неміс азаматын өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі WDR басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым мәліметіне қарағанда, полиция қызметкері айыпталушының танысы болып шыққан. Күдіктінің бірнеше зорлық-зомбылық, сексуалдық сипаттағы және қасақана шабуыл жасағаны үшін сотталғаны белгілі болды.
"Қазақстан тумасы жазасын өтегеннен кейін сынақ мерзімінде болған. Қайта қылмыс жасағандықтан, оны туған еліне жер аудару керек еді. Алайда ол Мюнстер әкімшілік сотына осыған қарсы шағым түсірді. Сот процесі енді ғана басталып, 30 қазанға дейін жалғасады. Қазақстандық өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін", – делінген прокуратура хабарламасында.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"АҚШ-та үлкен мейрамханаларды жалға аламыз": Шетелдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
Наурыз қай жерде жүрсе де адамдарды біріктіретін, мәдени бірегейліктің маңызды символы