Қазақстанның тағы бір пойызына әйелдер вагоны қосылады

Фото: Қазақстан темір жолы
"Жолаушылар тасымалы" АҚ Ұлттық тасымалдаушы 1 маусымнан бастап Орал-Маңғыстау бағыты бойынша әйелдер вагонын іске қосатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Вагон №614/613 пойызы құрамында жүреді. Компания әйелдер вагондары келесі бағыттар бойынша қатынайтынын еске салды:
№77/78 "Алматы – Маңғыстау";
№351/352 "Алматы – Маңғыстау";
№45/46 "Павлодар – Түркістан";
№37/38 "Маңғыстау – Семей";
№47/48 "Атырау – Астана";
№33/34 "Ақтөбе – Алматы";
№4/3 "Астана – Алматы";
№71/72 "Астана – Шымкент";
№354/353 "Астана – Семей";
№24/23 "Ақтөбе – Алматы";
№25/26 "Алматы – Шымкент";
№614/613 "Орал – Маңғыстау".
“Әйелдер вагондарында ер адамдардан жеті жасқа дейінгі ұл балаларға ғана рұқсат етіледі. Мұндай вагондарда тек әйелдер жолсерік болып жұмыс істейді”, – делінген хабарламада.
Компания өкілдері жолаушыларға билеттерді онлайн рәсімдеу кезінде 'ЖН' (әйелдер) аббревиатурасына назар аударға шақырды. Бұл билет тек әйелдерге сатылатынын білдіреді.
Қазақстанда әйелдерге арналған вагондар 2021 жылы пайда болды.