Алматыдағы «Қазақстан» телеарнасының ғимараты сүріледі
Алматыда қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде өрттен қатты зардап шеккен "Қазақстан" телеарнасының ғимаратын бұзу туралы шешім қабылданды. Қазірдің өзінде демонтаждау жұмыстары жүргізілуде және жаңа ғимарат салуға құжаттар әзірленуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Бұл туралы телеарнаның Алматы филиалының директоры Сәуле Жиреншина мәлімдеді. Ғимаратты мұқият тексерген мамандар оның қазіргі сейсмикалық төзімділік талаптарына сай емес деген қорытындыға келген. Сонымен қатар нысанды қалпына келтірудің жалпы құны оның нарықтық құнының 85 пайызынан асады.
Жаңа ғимараттың құрылысы бір жарым-екі жылға жуық уақытты алады. Онда төрт телеарнаның кеңсесі орналасады. Құрылыстың құны жобалық-сметалық құжаттама бекітілгеннен кейін белгілі болады. Қаржыландыру республикалық бюджеттен жоспарланған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі