Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан шетелден автокөлік әкелуге шектеу қойғалы жатқан жоқ - Премьер-министрдің баспасөз қызметі

ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі БАҚ-та жариялағнан жақын шетелден Қазақстанға автокөлік әкелуді шектеу туралы жаңалыққа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

көлік

“Бүгінгі таңда шетелдік көлік құралдарын заңнаманы бұза отырып елге әкелу жағдайлары жиілеп кетті. Атап айтқанда, ұрланған немесе кепілге қойылған, жалған нөмір тағылған және т.б. автомобильдерді пайдалану фактілері анықталып жатыр.

Мәселен, өткен жылы ғана басқа елдердің құқық қорғау органдарымен салыстыру қорытындысы бойынша Қазақстанға әкелінген 35 мыңнан астам автомобильдің банк тарапынан және заң бойынша шектеулері болғаны анықталды. Сонымен қатар 600-ден астам көлік елге әкелу кезінде ЕАЭО-ға мүше елдердің құқық қорғау органдарының іздестіруінде болып шықты”, – делінген ресми хабарламада.

Ведомство мәліметінше, осыған байланысты Қазақстанға "проблемалық" автокөліктің әкелінуін алдын алу және жалпы әкімшілендіруді жақсарту үшін Көлік құралдарын әкелу ережелері (уақытша ережелерді қоса алғанда) әзірлену үстінде. Онда мұндай автомобильдер бойынша бақылауды күшейту тетіктері, тіпті оларды елге әкелуді шектеуге дейін көзделетін болады.

“Бұл ретте аталған шаралар Қазақстан Республикасының аумағына заңнаманы бұзбай әкелінген және пайдаланылатын шет мемлекеттерде тіркелген автомобильдерге қатысты қолданылмайды”, – делінген хабарламада.


Талқылау