Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Сауд Арабиясына QazVac вакцинасына қатысты ұсыныс жасады

Қазақстан Сауд Арабиясына коронавирусқа қарсы QazVac вакцинасын бірлесіп өндіруге ұсыныс жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Нұр-Сұлтанда Қазақстан-Сауд Арабиясы инвестиялық форумы өтіп жатыр. Жиында ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қозғалыс шектеулерін азайту үшін вакциналау паспорттарын екіжақты тануды қолдайтынын айтты.

“Егер Сауд Арабиясы тарапы қызығушылық танытса, Қазақстан QazVac вакцинасын жеткізуге дайын. Сондай-ақ Сауд Арабиясы Корольдігі аумағында қазақстандық вакцинаны бірлесіп өндіру мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз”,  – деді Бақыт Сұлтанов.

Сонымен қатар ол қазан айында Қазақстаннан Сауд Арабиясына тікелей әуе рейстері ашылатынын мәлімдеді.

Қазақстандық SCAT әуе желісі биыл қазан айында Алматы-Джидда бағытындағы тікелей рейстерді қайта бастайды. Одан бөлек, жақында Сауд Арабиясының азаматтары үшін визасыз режимді қайта қосуды жоспарлап отырмыз”, – деді министр.

 



Пандемияға қарамастан жыл басынан бері алғашқы жеті айдың қорытындысы бойынша екі елдің арасында сауда 36,5 пайызға артқан. Қазақстанда Сауд Арабиясы капиталының үлесі бар 11 кәсіпорын жұмыс істейді.

Талқылау