Қазақстан-Ресей шекарасында қарулы қақтығыс болды деген ақпаратқа министрлік түсініктеме берді
Әлеуметтік желіде Қостанайдағы Қазақстан-Ресей шекарасында қарулы қақтығыс болғаны, қазақстандық әскери техникалардың оқиға орнына аттанғаны туралы бейнежазба тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото бейнежазбадан алынған
Тараған ақпаратқа қатысты ҚР ішкі істер министрлігі мәлімдеме жасады.
“Әлеуметтік желілерде Қостанай облысындағы шекарада арандатушылық болды деген ақпарат жалған. Бейнежазбада ағымдағы жылдың 8 қыркүйегінде Қостанай қаласында өткен жоспарлы далалық оқу-жаттығу жиынына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының көліктер колоннасының бара жатқаны көрсетілген”, – делінген хабарламада.
Ішкі істер министрлігі жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын атап өтті.
11 миллион теңгеге дейін: Қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша жұмсайтынын айтты
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Толғағы жедел келген әйелді зембілмен емес мүгедектер арбасымен тасыған кезде сәби кенет дүниеге келген