Қазақстан президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Украина бастамасымен Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы президент кеңесшісі Берік Уәли айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Украина тарапының бастамасымен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті", – деді Берік Уәли.
Олар Украинадағы жағдайға қатысты өз ойларымен бөлісті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы жанжалды тоқтату мақсатында келіссөз жүргізудің маңызды екенін мәлімдеген. Сондай-ақ ел басшылары екі елдің гуманитарлық салада серіктес болуы жөнінде келіскен.
Айта кетейік, бұған дейін Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлескен еді. Мемлекет басшылары екі елдің экономикалық жағдайы жөніндегі мәселелерді талқылады.
"Киімдегі жалаңаш қыздар": Дене бітімін айқындайтын хиджаб үлгісі қазақстандықтардың сынына қалды
Имам: “Бұл қыздарды "дұрыс емес киініп жүрсің" деп кінәлауға болмайды”
Қазақстанда ерлі-зайыпты ажырасқанда ипотека мен қарыз қалай бөлінеді
Пәтер ипотеканы рәсімдеген адамның жеке меншігі болып саналады