Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Түркия әуе қатынасын қалпына келтіру мәселесін талқылады

Кеше Анкара қаласында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған ҚР делегациясы Түркия Республикасының Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожамен кездесу өткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Түркия

Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, ҚР делегациясы Қазақстан мен Түркия арасындағы халықаралық әуеқатынасын қалпына келтіру мәселесін талқылады.

Тараптар коронавирус індетінің таралуына жол бермеу мақсатында бірлескен іс-шаралар қабылдауға және екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты.

Сондай-ақ, қазақстандық тарап Түркия үкіметіне пандемия кезінде елімізге көрсеткен ізеттілік көмегі үшін ризашылығын білдірді.

ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой түрік тарапын COVID-19 індеті бойынша еліміздегі қазіргі таңдағы жағдай туралы ақпараттандырды. Ол Қазақстандағы ахуал тұрақталғанын және бақылауда екендігін атап өтті.

Келіссөздер нәтижесі бойынша Түркияның денсаулық сақтау министрі Ф.Кожа аталған мәселені Түркияның Коронавирус індетімен қарсы күрес жөніндегі ғылым кеңесінің келесі отырысының күн тәртібінде талқылауға қайта шығаратынына сендірді, сондай-ақ бұл мәселе Қазақстандағы оң динамиканың жалғасуын ескере отырып, жуық арада өз шешімін табатындығына сенім білдірді.

Талқылау