Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында автокөліктер кептеліп тұр
Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында автокөліктер кептелісі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі мәліметінше, жол төсемінің құрылысына байланысты.
"Өзбекстан Республикасымен шекарадағы жекелеген өткізу пункттерінде кептелістер мен көлік құралдары тіркеліп жатыр", – делінген сейсенбі күнгі хабарламада.
"Жібек жолы" өткізу пунктінде "Гишт Куприк"шекаралық іргелес аумақта жол төсемі салынып, кеңейтілуде. Сондай-ақ, "Тәжен", "Атамекен" және "Қазығұрт" қазақстандық шекара өткелдерін қайта жаңарту жүргізілуде. Ал "Қапланбек" жолы осы себепті жабылған.
Шекара арқылы басқа өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді.
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес
Әйелімнен таяқ жедім деген қазақстандық ер адам әділдік іздеп жүр
Ержанның айтуынша, қызы есейген соң анасының жағына шығып, екеуі бірге өзіне қол көтеретін болған