Қазақстан мен Мысыр арасында рейстер қалпына келтірілді
Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2022 жылғы 17 ақпандағы шешіміне сәйкес Қазақстан мен Египет арасындағы әуе қатынасы қалпына келтірілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы азаматтық авиацияның баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ағымдағы жылдың наурыз айының басынан бастап Қазақстандық Air Astana, Fly Arystan және SCAT әуе компаниялары Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Орал және Қостанай қалаларынан Шарм-эль-Шейхке туристік рейстерді қалпына келтіруді жоспарлап отыр.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және авиакомпаниялардың сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.
Талқылау

"70 күннен аса жүрдік": Қытайдан Астанаға атпен жолға шыққан жас жұбайлар көпшіліктің ықыласына бөленді
Бүгінде күллі қазақ жұрты оларды желіде бақылап, біразы алдынан күтіп, қонақ етіп жатыр

"Қысқа мерзімді жеңілдіктер ұзақ мерзімді дағдарысқа ұласуы мүмкін": Сарапшылар Қазақстанда шұғыл енгізілетін шараларға қатысты пікір білдірді
Оның айтуынша, жаңа салық кодексінде әзірге айтарлықтай өзгеріс жоқ