Қазақстан мен Қытай арасындағы пошта қатынасы тоқтатылды

Қытайл тарапының бастамасымен Қазақстан мен қытай арасындағы авто, әуе және теміржол арқылы іске асырылатын пошта тасымалы тоқтатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы "Қазпочта" ұйымының жарнама және PR департаментінің директоры Дилара Зарлықова өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді. 

Қазақстандық пошта қызметкері ДДСҰ-ның зат арқылы коронавирусты жұқтыру мүмкін емес деп айтқанын алға тартты. Инфекция тудыратын вирус ағзадан тыс өмір сүре алмайды, сол себепті ауруды жұқтыру қаупі мүлдем жоқ. 

"Қытай тарапының бастауымен авто, әуе және теміржол арқылы Қазақстан мен Қытай арасында іске асырылатын пошта тасымалы тоқтатылды. Осы жағдайға байланысты "Қазпочта" Қытайға және Қытай елі арқылы Бангладеш, Бруней, Бутан, Бирма, Камбоджа, Малайзия, Моңғолстан, Непал, Лаос, Солтүстік Корея, Таиланд, Шри-Ланка, Филиппин, Тайвань мемлекеттеріне поштамен жіберілетін барлық заттардың тасымалы іске асырылмайды", - деп жазыпты Дилара Зарлықова.

Естеріңізге салайық, бұған дейін мемлекетіміз бен Қытай арасындағы әуе қатынастарыы да уақытша жабылған еді. Бұл жағдай аспан асты елінде жаппай таралып жатқан жұқпалы індетке байланысты іске асырылып отырған шара. 

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда коронавируске қатысты заң шығарылды

Заң бойынша шетелдік азаматтар үш топқа бөліп қарастырылады екен

Таксист болып жүрген жеті баланың анасына көпшілік көмектесе бастаған (видео)

Даниал Ахметов коронавирус жайлы: Қытаймен шекаралас ауыл тұрғындарына қорқудың қажеті жоқ

Әкімнің айтуынша, шекара қатаң қадағалауда

Work and travel: Бағдарлама бойынша АҚШ-қа барып келген жастар тәжірибесімен бөлісті

Бағдарламаға қатысушы студент: Өз-өзіңе деген сенімділікті арттырады

Ұйқы қанбаудың қауіптілігі айтылды

Ұйқы жетіспеушілігі ағзада бірқатар ауру туғызуы мүмкін

Қазақстанда есірткі сатумен айналысқан сегіз сайт анықталды

Олардың қызметі заңға қайшы деп табылды

"Бәйтерек" холдингінің басшылығы жалақылары жайлы айтудан бас тартты

Ұйым басшысының орынбасары үкіметтің бекіткен жарлығын алға тартты

Алматы қаласының әкімі Қордайдағы қақтығыс жайлы: Базар басшылығын түн ортасында жинадық

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Қордайда болған қақтығыстарға байланысты мәлімдеме жасады

Денсаулығына байланысты Бақауов түрмеден үйқамаққа ауыстырылды

Оның денсаулығы күрт нашарлап кетті

Карантинге жабылған кемедегі қазақстандықтар қашан елге жеткізіледі

Оларды елге ұшақпен алып келу жоспарлануда екен
Çàãðóçêà...