Қазақстан Мәскеуге әскери техника жіберді: Қорғаныс министрлігі желідегі ақпаратты жоққа шығарды
Қорғаныс министрлігі Қазақстан Мәскеуге әскери техника жіберді деген ақпаратты жоққа шығарды. Ведомствоның айтуынша бұл техника біздің елімізге қатысы жоқ. Ол өзге елден біздің аймақ арқылы жоспарлы жөндеу жұмыстары үшін Ресейге бара жатқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желілерде тараған бұл ақпаратқа ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі жауап берді.
"Қазақстандық әскери техниканың Ресей Федерациясына жіберілгені туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл әскери техниканың Қазақстан Республикасына еш қатысы жоқ. Ол үшінші елдің меншігі болып табылады және халықаралық келісімдер аясында Қазақстан аумағы арқылы Ресейге жоспарлы жөндеуге жіберілген. Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 27 тамызынан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы әкетуге тыйым салынды және ол әлі де күшінде", - деп жазады ҚР Қорғаныс министрлігі.
Сондай-ақ ведомство қазақстандықтарды тексерілмеген материалдарға сенбеуге шақырды.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді