Қазақстан құтқарушыларын апарған бортпен бірнеше азамат елге қайтады
Қазақстан құтқарушыларын апарған ұшақпен Түркиядан 16 қазақстандық және 2 қырғыз азаматы Астанаға жеткізіледі. Бұл туралы Сыртқы істер министрілігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Осы бортпен елге қайтуға ниет білдірген бірқатар азаматтарымызды Қазақстанға әкелу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, сағат 15:00-дегі жағдай бойынша, 18 адам елге қайтуға ниет білдірді. Қазақстанның 16 азаматы және Қырғызстанның 2 азаматы бар. Аталған борт Астанаға келеді деп күтіліп отыр. Ұшу уақыты қосымша хабарланады", - деді Айбек Смадияров.
Еске салсақ, бүгін таңертең Қазақстан ТЖМ 41 құтқарушысы апат салдарын жоюға көмек көрсету үшін Түркияға барды.
Сондай-ақ, бүгін Түркиядағы 19 қазақстандық студент елге қайтады.
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
Республика күні мен Тәуелсіздік күні неге екі бөлек атап өтіледі
Саясаттанушы: "Көп жыл бойы "Неліктен 25 қазанның маңызын екінші орынға ысырып қоямыз?" деген мәселе көтерілді"