Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүгін Түркиядағы 19 қазақстандық студент елге қайтады - СІМ

Бүгін Түркиядағы 19 қазақстандық студент Анкара – Астана рейсімен елге қайтады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

студенттер

"Мерсин қаласындағы құрметті консул – Түркия азаматы Ахмет Будан Қазақстанның 25 азаматын, оның ішінде 19 студентті қонақ үймен қамтамасыз етті. Бүгін осы 19 қазақстандық студент құрметті консулдың ұйымдастыруымен Анкараға жеткізілді және олар бүгін кешке Анкара – Астана рейсімен Қазақстанға қайтады", – деді Сыртқы істер министрілігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Сонымен қатар Аданадан да қазақстандық студенттер Ыстамбұлға жеткізілген.

“Конья қаласындағы құрметті консул Мұстафа Кабакчы 12 қазақстандық студентке Аданадан Ыстамбұлға жетуге жәрдем көрсетті. Айта кететін жайт, Түркиядағы дипломаттарымыз Түркияның Төтенше жағдайлар басқармасымен тұрақты байланыста”, – деді Айбек Смадияров.

Оның сөзінше, осы уақытқа дейін зардап шеккен немесе қаза тапқандардың тізімінде ҚР азаматтары жоқ. Сонымен қатар қираған ғимараттардың астынан зардап шеккендерді құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр. 

Талқылау